Бас бет » 2018 » Қаңтар » 18 » Жаңатілек ауылдық округінің әкімінің Мұрынтал ауылының тұрғындары алдында берген есебі .
14:42
Жаңатілек ауылдық округінің әкімінің Мұрынтал ауылының тұрғындары алдында берген есебі .

Әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің « халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес 17 қаңтар күні сағат 10:00 – де Мұрынтал ауылында Жаңатілек ауылдық округінің әкімі Бағадат Алдамжарұлы Кәрібай есептік кездесуін өткізді. Есептік кездесуге ауданнан келген өкіл Баянауыл ауданы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы С.К. Бейсенкулов, Аудандық мәслихат депутаты А.К. Алтынбек қатысты. Есептік кездесу барысында 2017 жылы әр сала бойынша атқыралған жұмыстар жөнінде таныстырып өтті. Мұрынтал ауылының тұрғындары есептік кездесуге белсенді қатысып, жергілікті фельдшерлік акушершілік пунктінің медбикесі Күлмайра Әбілешқызына жыл бойы сапалы, уақытылы, медициналық көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдірді. Зейнеткер Сүлейменов Бейсенбі ауылдық округінің әкімінің жыл бойы атқарған қызметіне оң баға беріп, еңбегіне жеміс тіледі. Сондай-ақ, Бағадат Алдамжарұлы ауылдық округте атқарылған істердің барлығына ауыл қарттарынан бастап бюджеттік мекеме қызметкерлерінің, ауыл жастарының, шаруа қожалықтарының, ауыл кәсіпкерлерінің үлесі зор екендігін атай отырып, ауыл әкімшілігі атынан ризашылығын білдірді.

 

 

 

Шайбекова Өрік,

Мұрынтал ауылы

Қараулар: 103 | Қосқан: Admin | Рейтинг: 1.4/11
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar