Бас бет » 2017 » Желтоқсан » 31 » Жаңа 2018 жыл құтты болсын!
12:56
Жаңа 2018 жыл құтты болсын!

Құрметті ауылдастар, алыс-жақында тұрып жатқан жерлестер, сайтымыздың қонақтары! Сіздерді жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Ескі жылдың қайғы - мұңын, өкпе – назын барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан жаңа 2018 жылды көтеріңкі көңіл - күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа Жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады. Достар, біз де өкпе - назымызды, өкініш - мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын! Жаңа 2018 жыл барлықтарыңызға тек оң өзгерістермен, ұмытылмас сәттермен, қызықты кездесулермен қуантсын.

Қараулар: 73 | Қосқан: Admin | Рейтинг: 3.6/7
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar