Бас бет » 2017 » Қазан » 7 » «Жүзден жүйрік озар». Теннис.
20:16
«Жүзден жүйрік озар». Теннис.

Қазан айының 7 күні Қарағанды қаласында өткен Үстел теннисі лигасына Бақыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 6-сыныптан Мұхиден Дина, Кәрібай Айназ, Қуанышқызы Ақбота және 7-сынып оқушысы Сапар Ерқанат сынды оқушыларымыз қатысып келген болатын. Жетекшісі Д. Б. Жапенов оқушыларды дайындауда көп еңбек етті. Сол еңбектері бағаланып «Жүзден жүйрік озар» дегендей жарысқа қатысқан көпшіліктің ішінен өз оқушыларымыз жақсы ойын көрсетіп Сапар Ерқанат (4 лига), Кәрібай Айназ (5 лига), (Мұхиден Дина (7 лига), Қуанышқызы Ақбота (6 лига) 1 орынды қанжығаларына байлағандары мектебіміз үшін мақтаныш! Талаптыға нұр жауар демекші, оқушыларымызға тек қана сәттілік тілейміз. Жетекшісі Жапенов Дархан Байдүйсенұлы шәкірттерінің алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеді. Алла жар болсын, көздеген армандарын орындалсын. Мектебіміздің мәртебесін талай жерде асқақтатады деген сенімдеміз.

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі П. С. Ахметжанова

Қараулар: 97 | Қосқан: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar