Бас бет » 2017 » Желтоқсан » 30 » Төрлет,құтты Жаңа жыл
21:59
Төрлет,құтты Жаңа жыл

30 желтоқсан сағат 19:00 де жергілікті мәдениет үйінде «Төрлет,құтты Жаңа жыл» атты мерекелік кеш өтті.Кештің кіріспесі ауыл әкімі Кәрібай Бағадат Алдамжарұлының құттықтауымен басталып,жыл үздіктерін марапаттаумен жалғасын тапты.Жаңа жылдық кешке әдемі костюмдерін киген қатысушылар мен бар өнерлерін барынша ортаға салған мекемелер қызметкерлерінің өнерлерін бағалау үшін арнайы әділ-қазы алқасы тағайындалды.Мерекелік кешке ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері,мектеп ұжымы және ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері мен ауыл жастары қатысты.Кеш барысында лоторея билеттері ойнатылып,арнайы сыйлықтар табысталды.Сонымен қатар қызықты ойын түрлері ойналды.Кеш соңында әділ-қазылардың шешімі бойынша 3-орынауылдық округ әкімі аппаратының ұжымы, 2 орынмектепұжымы, 1 орынды мәдениет үйінің қызметкерлері ие болды.Кештің соңы би кешімен қорытындыланды

 

 

Қараулар: 85 | Қосқан: bagadat | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar