Бас бет » 2018 » Сәуір » 20 » Тұратын жерімізді таза ұстайық!
10:36
Тұратын жерімізді таза ұстайық!

Құрметті ауыл тұрғындары! Елді мекендерін көріктендіру және лайықты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігінің 2018 жылдың 27 наурыздағы № 94/3 қаулысымен 2018 жылдың сәуір мен мамыр айлары аралығында ауданның елді мекендерін көріктендіру және санитарлық тазалау бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады. Осыған байланысты Жаңатілек ауылдық округі бойынша елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілді. Әр аптаның сенбі күні «Тазалық күні» деп жарияланды. Бекітілген іс-шараларға байланысты ауылдық округ елді мекендерінде 16 шақырым көшелер мен жолдарды, 247 тұрғын үйлердің , 2 оқу және мәдениет объектілерінің аумақтарын және 3 ескерткіштердің, 1 обелисктің маңайындағы аумақтарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Елді мекеннен 3500 тонна қоқыс шығару және 500 дана ағаштар мен көшеттер отырғызу, 300 ш.м. гүлзарлар жасау көзделген.

Бұл іс-шараның мақсаты ауыл аумағын санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру, күл-қоқыстан арылту жұмыстарын жүргізу, туған өлкені жасыл желектендіру, жастардың экологиялық, эстетикалық мәдениетін арттыру, оларды еңбекке, қоршаған ортаны таза ұстауға баулу және мәдени құндылықтарға тарту болып табылады.

Сол себепті өзіміз тұрып жатқан ортаны таза ұстау, көріктендіру әр қайсымыздың азаматтық міндетіміз. Осы бір игі іс-шараға халық болып жұмылып, сапалы өтуіне және алдымызға қойған мақсаттарды толық орындауға ат салысуларыңызды сұраймыз.

 

Қараулар: 59 | Қосқан: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar