Бас бет » 2017 » Қараша » 17 » «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»
20:07
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.Осыған орай, Бақыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жоғары сынып оқушыларымен «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» атты тақырыпта география пәнінің мұғалімі Бекбаулова Қ. А. дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға ауыл әкімі Б. А. Кәрібай, әкімшілік бас маманы А.Нургалиева және де мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Шараға қатысушылар дөңгелек үстелде көтерілген тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетілді.

Сонымен қоса, мектебіміздің әлеуметтік ұстазы Манзулова Д. Д. ұйымдастастыруымен «Жемқорлықсыз қоғам-нұрлы болашақ кепілі» атты тақырыпта 5-11 сынып оқушыларыслайд дайындады. Слайд қорғау барысында оқушыларымыз өздерінің ой-көзқарастарын ашық айта білді.

Осы шараға қатысушылар пайдалы ақпараттар алып, бір-бірімен қызықты пікір алмасты. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.

Тәрбие ісінің меңгерушісі П. С. Ахметжанова

Қараулар: 111 | Қосқан: bagadat | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar