Бас бет » 2018 » Мамыр » 12 » Спортшыларымызды құттықтаймыз!
17:40
Спортшыларымызды құттықтаймыз!

Астана қаласының 20 жылдығына, Павлодар облысының 80 жылдығына арналған спорттың олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрлері бойынша XXI аудандық спартакиадаға 2018 жылдың 11 мамыр күні Баянауыл ауданында өткен жарыста Жаңатілек командасының спортшылары келесі спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды:Қол күресі спорт түрінен 72 кг салмақта Тұманбай Ықылас Сүйіндікұлы I-орын.Гір тасын көтеру спорт түрінен 78 кг салмақта Мылтықбай Марат Арсыланұлы III- орынға ие болды.Президенттік көпсайыс спорт түрінен әйелдер арасынан 40 жастан жоғары жаста Рахимова Зауреш Тендыковна I-орынды иеленді.Президенттік көпсайыс спорт түрінен әйелдер арасынан 18-23 жас аралығында Букеева Жадыра Бектасовна II-орынды иеленді.Жаңатілек ауылдық округі әкімшілігі атынан осы спортшыларға алғысымызды білдіреміз!

Қараулар: 91 | Қосқан: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar