Бас бет » 2017 » Қараша » 22 » Сайтымыздың ашылуы құтты болсын!
13:25
Сайтымыздың ашылуы құтты болсын!

Құрметті ауыл тұрғындары және сайт қонақтары!Сіздерді Тұңғыш Президент Күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында ауылымыздың сайтының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Біріншіден, осы сайттың ашылуына көмек көрсеткен ағаларға өз атымнан және Жаңатілек ауылдық округінің тұрғындары атынан үлкен рахмет айтқым келеді. Біздің сайтымыздың мақсаты, әкімшілік пен тұрғындар арасында ашықтық пен жариялылық қағидаларын қолжетімді етіп қамтамасыз ету. Сонымен бірге, сайтты құрудағы басты міндет, мемлекеттік қызмет беделін күшейту. Азаматтарға құқықтық ақпараттар алуына, ауылымыздың тарихымен, жергілікті әкімшілік қызметімен толық танысуына мүмкіндік береді. Сайтымызда мемлекеттік қызмет, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау т.б. мемлекетіміз тарапынан жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар туралы кеңіек әрі сапалы ақпарат беруге тырысамыз. Сонымен қатар, ауылымызда болып жатқан қоғамдық іс-шаралар жайында сапалы ақпараттарды хабарлап отырамыз. Сайтымызда ауылымыздың тыныс тіршілігі толық қамтылып, кез-келген адам дүненің кез келген жерінен ауылымыз жайлы мәліметтер алып, ауылымызда болып жатқан жаңалықтармен таныса алады. Сайтымыз алдағы уақытта көптің назарында болып, қанатын кеңге жаятынына сенімін.

Құрметпен,

Жаңатілек ауылдық округінің әкімі

Кәрібай Бағадат Алдамжарұлы

Қараулар: 550 | Қосқан: Admin | Рейтинг: 5.0/1
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar