Бас бет » 2017 » Қараша » 27 » Сайттың бөлімдерімен қолдану туралы
18:03
Сайттың бөлімдерімен қолдану туралы

Сайтымызда әзірше 14 бөлім бар, біздің ойымызша, ең қажет тақырыптар қамтылған секілді, алайда әлі де кей тақырыптарды қосамыз десеңіздер – ешқандай кедергі жоқ, тек оның қажеттілігін дәлелсеңіздер болды. 8 бөлімге (Бас бет, Әкімдік, Қоғамдық кеңес, Жаңатілек, Мұрынтал, Жаяу Мұса, Туризм, Инвестиция) сіздер админге материал жібере аласыздар, бірақ өздеріңіз еш өзгеріс енгізе алмайсыздар. Ал қалған бөлімдерге сайтымызға тіркеліп кірген кез келген қолданушы өзінің материалдарын жүктей бере алады. Мысалы, Құжаттар бөліміне елге, халыққа қажет құжаттарды өздіктеріңізден жүктей аласыздар, Ақпарат бөліміне де ауыл аумағының тұрғындарына қажет ақпаратты қою мүмкіндіктерің толық бар. Жаңатілек пен Мұрынтал ауылдарына, маңайларындағы қыстақтарға, осы жақтың тумалары - атақты, танымал адамдар туралы әңгімелерін өздеріңіз жүктей бере аласыздар.

Суреттер бөліміне Жаңатілек, Мұрытал ауылдарына, мектеп, ауылдың түрлі шараларының суреттерін қоя беруге болады. Қонақ кітабына тіркелмей-ақ жазба қалдырып кету мүмкіндігі бүгінде бар (болашақта, мүмкін, тек тіркелгендер ғана қалдыра алатын функцияны қосуымыз әбден ықтимал, себебі қалдырылған жазбалардың мәтініне байланысты болады.) Кері байланыс арқылы сайт админіне және ауылдық аумақ әкіміне хат-хабар жібере аласыздар, алда аталған Қонақ кітабы арқылы да өз хат- тілектеріңізді білдіре аласыздар. Ал бейнежазбаларды қалай жүктеуге болады деген сұраққа төменге қарай түсіндіріп береміз. Егер сіздер youtube-де тіркелген болсаңыз, онда жүктеу тек сілтеме арқылы еш кедергісіз болады, ал тіркелмегендер Код арқылы жүктей бере алады. Сонымен Youtube-ден келесі жолмен жүктеуге болады:

1. Керек бейнежазбаны ашып, астыңғы жағындағы "ПОДЕЛИТЬСЯ" дегенді басу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Ашылған соң "ВСТРОИТЬ" дегенді басу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Embed video деген жазудың астындағы КОДты көшіріп аласыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Бейне деген бөлімге кіресіздер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Сосын "БЕЙНЕ ҚОСУ" дегенді басу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Cосын "ДОБАВИТЬ КОД" дегенді басу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Ол ашылған соң, Youtube-ден көшіріп алынған кодты осы жерге салу керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8. Енді материалдың атауы мен материалдың сипаттамасы деген жерлерді толтырып,бейнежазбаның санатын көрсетесіздер. Болды

 

Қараулар: 154 | Қосқан: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar