Бас бет » 2018 » Мамыр » 5 » Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
22:29
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер, сайтымыздың қонақтары, баршаңызды Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Кез келген ұлт өз тәуелсіздігін армандайды, ал оған қол жеткізгенде соны сатқап қалуға бар күш жігерін жұмсайды. Елдікті сақтау үшін отанымызды қорғай алатын әскер құрылды. Әр ер азаматтың алдында әскери борышы бар, біреулер өтеп келді, біреулер өтеп жатыр, ал кейбіреулерінде әлі алда, сондықтан еліміздің тәуелсіздігі бекем болсын, отанымызды қорғайтын қарулы күштер мықты болсын дей отыра баршаңа тек жақсылық, табыс, бақыт тілейміз! Еліміз аман, халқымыз сау, бауырымыз бүтін болсын! 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жaрлық бойыншa, Қaзaқстaн aумaғына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті.Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

Сайт әкімшілігі

Қараулар: 44 | Қосқан: Admin | Рейтинг: 5.0/1
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar