Бас бет » 2018 » Ақпан » 5 » Ортақ қуаныш. Майқайың кентінде «Нұрбөбек» балабақшасының ашылуы
17:18
Ортақ қуаныш. Майқайың кентінде «Нұрбөбек» балабақшасының ашылуы

2018 жылғы 5 ақпанда Майқайың кентінде салынған 110 орындық «Нұрбөбек» балабақшасы ашылды. Балабақшаның ашылуына Павлодар облысының әкімінің орынбасары Бауыржан Қазыбекұлы Қасенов қатысты. Бас мердігер “Б-АДК” ЖШС болып табылады. Заманауи ғимарат балаларға жайлылықтың жоғары деңгейін ұсынды. Топтық және ұйықтау бөлмелері балалар жиһазымен, ойын алаңдарымен, буфеттік аймақпен жасақталған, оқытудың техникалық құралдары, сабақтарды өткізуге арналған ойын және спорт жабдықтары бар.Майқайың кентіндегі жаңа балабақшаның ашылуы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамту 100% ұлғайып, 51 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік берді.

 

Р.А.Мұқышев

Баянауыл аудандық білім бөлімінің бас маманы

 

Баянауыл ауданы әкімі http://www.bаyаnaul.раvlоdar.gоv.kz/ - сайтынан алынды

Қараулар: 66 | Қосқан: Admin | Рейтинг: 1.0/5
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar