Бас бет » 2018 » Наурыз » 20 » Наурыз мерекесі құтты болсын!
21:54
Наурыз мерекесі құтты болсын!

Құрмeттi  жерлестер, сайтымыздың қонақтары, баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін,көңілдің кеңитін кезеңі - Наурыз мейрамы құтты болсын!

Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ауылдық округі әкімінің м.а. Б.А.Макишева

 

 

 

Қараулар: 67 | Қосқан: Bayan | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar