Бас бет » 2018 » Наурыз » 19 » «Нұр себеле, ұлыстың Ұлы күні » атты мерекелік іс-шара
18:22
«Нұр себеле, ұлыстың Ұлы күні » атты мерекелік іс-шара

«Б. Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ 2018 жылы наурыз айының 19-ы күні даярлық топта «Нұр себеле, ұлыстың Ұлы күні » атты мерекелік іс-шара өткізілді. Балалар қазақша би билеп, тұсау кесу салт-дәстүрін көрсетті. Қол күрес ұлттық ойыны ойнатылды. Мерекелік дастархан жайылып, наурыз көже дайындалып, ата-аналар мен келген қонақтар жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар осы күні «Балдәурен» шағын орталығында да Наурыз мерекесі тойланды. Дастархан жайылып, бүлдіршіндер тақпақтарын айтып, орамал тастау, арқан тарту қазақтың ұлттық-ойындарын ойнап, тұсау кесу рәсімін көрсетіп, әжеміз бата беріп, соңында «қара жорға» биімен концерттерін аяқтады. Сонымен қатар «Б. Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ 2018 жылы наурыз айының 20-сы күні «Армысың Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге мектеп оқушылары, ата-аналар, ұстаздар, қатысты. Мереке ашылу салтанатымен басталды. Мектеп директоры Айдарбекова Анар Қабдырашқызы мен Жаңатілек ауылдық округінің бас маманы Нургалиева Аяна Тұрғынқызы құттықтау сөздерін айтты.

Наурыз мерекесі сайыс ретінде өтетін болғандықтан, алдын-ала арнайы комиссия мүшелері сайланды. Комиссия мүшелеріне Аудандық маслихаттың депутаты Алтынбеков Алдамжар Кәрібайұлы, мектеп директоры Айдарбекова Анар Қабдырашқызы, Жаңатілек ауылдық округінің бас маманы Нургалиева Аяна Тұрғынқызы, мәдениет үйінің басшысы Қибади Бахтияр Ибрагимұлы, Жаңатілек ауылдық округінің ассистенті Жагипарова Айдын Өсербайқызы кірді.

Мереке үш буынға бөлініп, яғни бастауыш сыныптар 1 қабатта, орта буын 2 қабатта, жоғары сыныптар 3 қабатта жеке бір ауыл болып, кереге құрып, дастархан жайып, концерттік бағдарламарын ұсынды. Әділ-қазы мүшелері әр ауылды аралап, оқушылардың, ұстаздардың, ата-аналардың шараға қатысуларын, киім үлгілерін, қойылымдарына назар аударды. Бастауыш сыныптар «Бастау» ауылы болып, оқушылар би билеп, ән айтып, Қыдыр ата мен жаңа ит жылын қарсы алып, бата беріп, керемет қойылымдарын паш етті. «Бірлік» ауылы болып, орта буын оқушылары, оның ішінде 6 сынып тұсау кесу рәсімін көрсетіп, 5 сыныптың қыздары қазақша би билеп, ұлдары көрініс көрсетіп, ата-аналар мен 7 сынып оқушылары ән айтып концерттерін тәмамдады. Жоғары сыныптың оқушылары «Жаңатілек» ауылы болып, атап айтқанда 8 сынып оқушылары керемет көрініс биін билеп, 9 сыныптың ұлдары ән айтып, 10-11 сыныптың оқушылары тарихи көрініс көрсетіп, әділ-қазы мүшелерін таң қалдырды.

Мереке соңында марапаттау рәсімі болды. Әділ-қазылар «Ең үздік» номинациясы бойынша «Бастау» ауылын, «Ең қонақжай» номинациясымен «Бірлік» ауылы және «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясымен «Жаңатілек» ауылын мақтау қағаздарымен марапаттады.

ТІМ А.Н.Карамбаева

 

Қараулар: 67 | Қосқан: Bayan | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar