Бас бет » 2018 » Наурыз » 28 » Хабарландыру
21:13
Хабарландыру

Құрметті жерлестер, өте жауапты мәселе қаралмақшы, сондықтан ауыл атауын ауыстыруға немқұрайлы қарамайтын ауыл түрғыны міндетті түрде келеді деп ойлаймыз. Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай – ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Толыбайұлы Олжабай батырдың есімімен Жаңатілек ауылдық округінің Жаңатілек ауылы атауын ауыстыру жөнінде, жергілікті тұрғындардың жиыны 2018 жылдың 29 наурызында сағат 15.00-де Жаңатілек ауылының Мәдениет үйінде өтеді, қатысам деушілерге есік ашық.

 

Жаңатілек ауылдық округі әкімінің м.а Б. Макишева

 

 

Қараулар: 61 | Қосқан: Bayan | Рейтинг: 5.0/1
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar