Бас бет » 2017 » Желтоқсан » 12 » Еліміздің әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күні құтты болсын!
17:46
Еліміздің әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер, сайтымыздың қонақтары, ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын! Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілеймін.

 

Бағадат Алдамжарұлы,

Жаңатілек ауылдық аумағының әкімі


 


 

Қараулар: 81 | Қосқан: bagadat | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar