Бас бет » 2017 » Қыркүйек » 9 » «Денсаулық күні»
17:31
«Денсаулық күні»

Бақыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде қыркүйектің 9- жұлдызында «Денсаулық күні» салтанатты түрде аталып өтті. Фестиваль мектептің алдында қатысушылардың сапқа тұруынан басталып, ҚР-ның Әнұраны орындалды.Бұл күні аталмыш шараға мектеп болып барлық сыныптар мен ұстаздар ат салысты. Мектептің аға тәлімгері М. С. Жексенбаева мұғалімдер мен оқушыларды ашылуымен құттықтап, күн тәртібімен таныстырды. Сондай –ақ мектеп медбикесі Исекеева М. М, өз сөзінде: Үнемі дене шынықтырумен айналысуға және оның тигізер пайдасы жайлы айтып өтті. «Салауаттылық – өмір салтымыз» атты баяндама оқып, салауатты өмірді насихаттады. Мерекелік шараны жүргізген денешынықтыру пәнінің ұстазы М. Т. Түсіпбеков оқушылар мен ұстаздарды үш топқа бөліп, жаттығулар жасатты. Сонымен қатар, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б. Б. Молдажанов та түрлі спорттық ойындар ұйымдастырды. Атап айтсақ,1-11 сыныптар аралығында қимыл-қозғалыс жаттығулары, көңілді старттар өтсе, 5-7 сыныптар аралығында шахмат, 8-11 сыныптарда кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. 1-4 сыныптарда асық ойыны және де жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар арасында волейбол ойыны ұйымдастырылды.
Денсаулық күніне арналған мерекелік шара аяқталған соң қатысқан оқушылар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Денсаулық күні» мерекелік шарасынан оқушылар өте көңілді және қуанышты болып қайтты. Бұл шара оқушылардың спортқа деген ынталары мен қызығушылықтарын арттырды, өз денсаулықтарына мұқият қарауға, жат әдеттен жиреніп тек жақсы әдеттермен достасуға, сонымен қатар қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін молайтуға баулыды. Осындай шаралардың көптеп өткізілуі ұлт денсаулығын нығайтуға, жаны да, тәні де сау ұрпақ тәрбиелеуге тигізетін пайдасы орасан!

 

Бақыт Хайдаров атындағы ЖОББМ

тәрбие ісінің меңгерушісі П. С. Ахметжанова

 

Қараулар: 86 | Қосқан: bagadat | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar