Бас бет » 2017 » Қыркүйек » 20 » «Бір ел - бір кітап» акциясы
17:08
«Бір ел - бір кітап» акциясы

2017 жыл «Бір ел - бір кітап» - 2017 Республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық бүкіл ел болып оқуға «Жыл кітабын» таңдау бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалған болатын. Соған байланысты, қыркүйек айының 20сы күні Бақыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында кітапханашы Мағрипа Ыбышқызы Шыныбекова ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырды. Көрмеге 1-7 сынып оқушылары қатысты. 6-сынып оқушылары Кәрібай Айназ бен Мұхиден Дина ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Оқушылар жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен тыңдай отырып, ақынның өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысып, талқыға қойған сұрақтарына да өте белсенді жауап берді. Кітапханашы: «Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын ол – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Абайдан кейінгі ұлы ақындардың бірі деуге әбден болады. Ұлт үшін күрескен адам. Сол себептен бүгінгі «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясына оқушыларға жалынды ақын, жас ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқуға кеңес беремін», - қорытынды жасады.

 

 

Перизат Сиражқызы Ахметжанова,

Бақыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі

Қараулар: 175 | Қосқан: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar