Бас бет » 2017 » Қараша » 21 » Қазақтың тұңғыш режиссері
18:05
Қазақтың тұңғыш режиссері

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы төңірегінде 2017 жылдың қараша айының 17 жұлдызында Жаңатілек ауылдық кітапхананың оқу залында қазақтың тұңғыш режиссері, драматург, қазақ театрының негізін қалаушы Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш режиссері» атты тақырыпта еске алу кеші өтті.Бұл кеште режиссердің театр өнеріне сіңірген көптеген еңбектері туралы сөз қозғалды. Алғашқы шығармашылық ұйымдастырушылық қызметінен бастап Ж. Шанин актерлер мәдениетін көтеруге, театр жұмысын белгілі бір жоспар бойынша жүргізуге, репертуардан тәрбиелік, идеялық-көркемдік сапасы жоғары драмалық шығармалардың орын алуына ерекше көңіл бөлгендігі жөнінде айтылды.Оның қойған «Арқалық батыр» пьесасы туралы айтпасқа болмас. 266 рет қойылған бұл пьеса қазақ театрының тарихында алтын әріппен қалатыны жөнінде ешкімнің күмәні болмас.Кеш барысында режиссер өмірі жайлы «Жарқын бейне» атты деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар «Сахна патшасы» атты виртуалды көрмесі де кеш ортасында өз орнын тауып жатты.Бұл кеште ауылдық округ әкімінің қызметкері, ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері және ұстаздар қауымы мен кітапхана қызметкерлері қатысты.Ж.Шаниннің өміріне байланысты келген қонақтарға викториналық сұрақтар қойылып,дұрыс жауап берген көрермендерге сыйлықтар табысталды.Еске алу кешін мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Қабыкен Дулат Дамет Қарашашеваның «Жұмат Шанин» атты арнау өлеңімен аяқтады.

Ұлылардың ұлтын сүйген ғажап тым,

Ұмытпайды еркін дала, азат күн....

Жұмат, Шәкен – тұлға болған тұңғышы

Театр менен киносына қазақтың.

Бұл шараның ұйымдастырушысы Жаңатілек ауылдық кітапхананың кітапханашысы Мұсабаева Гүлім Ғинаятқызы. Қорытындылай келе осындай Жұмат Шанин сияқты қайталанбас дара тұлғалар киелі Баянауыл елінен самғап ұшып,биіктей берсін дегіміз келеді. Біртуар перзент, үлкен өнердің көшбасшысы болған Жұмат Шанин атамыздың есімі қазақ жадында ешқашан өшпек емес.

 

Мұсабаева Гүлім Ғинаятқызы,

Жаңатілек ауылдық кітапхананың кітапханашысы

Қараулар: 121 | Қосқан: bagadat | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar