Бас бет » 2017 » Желтоқсан » 7 » «Ауылым - Алтын бесігім» атты фотосурет,қысқа метражды видеоролик және қол өнер (еркін тақырып) конкурсы
09:47
«Ауылым - Алтын бесігім» атты фотосурет,қысқа метражды видеоролик және қол өнер (еркін тақырып) конкурсы

Құрметті ауыл тұрғындары, алыс-жақында тұратын жерлестеріміз, сайтымыздың қонақтары, Рухани жаңғыру жобасы шеңберінде Жаңатілек ауылдық округі әкімінің аппараты конкурс жариялайды. Әр жердің, әр елдің өз ерекшелігі бар, өзінің ұмытылмас көріністері мен күнделікті өмірі бар, ғасырлар бойы ата-бабаларымыз мекендеген жеріміздің ерекшеліктерін өздеріміз дәріптеп жан-жаққа насихаттап көрсетпесек, кім көрсетер дене мақсатта осы жобаны қолға алып отырмыз. Ендігі кезекте төмендегі берілген Ережеге сәйкес тиісті осы конркусқа қатысуға болады. Конкурсқа кез-келген жанрдағы сандық форматта және ұялы телефонға түсірілген фотосуреттер және қысқа метражды видеоролик ұсынуға болады.Ең басты талап - қысқа метражды видеоролик және фотосуреттер ауылымыздың аумағында жасалуы тиіс

«Ауылым - Алтын бесігім»

атты фотосурет,қысқа метражды видеоролик және қол өнер(еркін тақырып) конкурсының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже конкурсқа қатысу үшін өтініш білдірген, барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін ұсынылады. Ереже ресми әлеуметтік желілерде жарияланған.

1.2. Конкурстың негізгі мақсаты – ауылымыздың табиғаты мен алуан түрлі құбылыстарын, ауыл тынысын фото,видео жұмыстарда көрсету.

1.3. Конкурсты ұйымдастырушы – «Жаңатілек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

1.4. Конкурстың міндеттері:

-Жастардың шығармашылық қабілеті мен эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық өнерді насихаттау.

2. Конкуртың өткізу шарттары

2.1. Конкурсқа ауылымыздың кез келген тұрғыны кәсіби және кәсіби емес фотографтар, яғни ауылдың кез келген азаматы қатыса алады.

2.2. Конкурсқа кез-келген жанрдағы сандық форматта және ұялы телефонға түсірілген фотосуреттер және қысқа метражды видеоролик ұсынуға болады. Қысқа метражды видеоролик және фотосуреттер ауылымыздың аумағында жасалуы тиіс.

2.3. Жеңімпаздар үш санат бойынша анықталады:

• 1 - санат – Ең үздік фотосурет

• 2 - санат – Ең үздік видеоролик

• 3 –санат - Ең үздік қолөнер

3. Қатысушылар мен Ұйымдастырушылардың құқықтары мен міндеттері.

3.1. Конкурсқа қатысу – Қатысушылардың осы ережемен толық танысып, келісім бергендігін білдіреді.

3.2. Ұйымдастырушы жеңімпаз өзі туралы ақпаратты уақтылы немесе дұрыс бермеген жағдайда, конкурс ережелерін бұзған жағдайда, жеңімпазға жүлдені беруден бас тартуға құқығы бар.

3.4. Конкурсқа ұсынылған фотосуреттер қайтарылмайды.

4. Конкурстың өткізу мерзімі

Жұмыстар мен өтініштер қабылдау күндері – 07.12.2017 ж. – 25.12.2017 ж.

Суреттергебаға беру күні– 26.12.2017 ж.

Жеңімпаздардыжариялау – 30.12.2017 ж.

5. Өтінім беру үрдісі

5.1.Конкурсқа қатысу үшін өтінім парағын толтырып, А4 форматта арнайы жақтауға салынған жұмысты(1-2фотосурет) мәдениет үйіне тапсыру қажет.

6.Конкурстық жұмыстарды біркелкі салыстыру үшін мынадай бағалау критерийлері таңдалды:

6.1. конкурс тақырыбына сәйкестігі, ерекшелігі, шығарманың көркемдік деңгейі, жұмыс идеясының мазмұны мен ерекшелігі, техникасы мен орындау шеберлігі.

7. Конкурсқа қатысушыларды марапаттау

7.1. Конкурстың жеңімпазы әр санат бойынша анықталып, байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

7.2. Жеңімпаздарды марапаттау, сондай-ақ жүлделі жұмыстардың көрмесі Жаңатілек ауылдық Мәдениет үйінде 2017 жылдың 30 күні өтеді.

7.3. Ұйымдастырушы көрмені өткізу және жеңімпаздарды марапаттау орнын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

Байланыс телефоны: 8(71840)95624,

е-mail: zhanatlek@bk.ru

Қараулар: 196 | Қосқан: bagadat | Рейтинг: 5.0/1
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar