Бас бет » 2018 » Мамыр » 16 » Ауылдарымыз таза болсын десек...
11:56
Ауылдарымыз таза болсын десек...

Жаңатілек ауылдық округі бойынша 2018 жылдың 16 сәуірінде елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілді.Елді мекендерін көріктендіру және лайықты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігінің 2018 жылдың 27 наурыздағы № 94/3 қаулысымен 2018 жылдың сәуір мен мамыр айлары аралығында елді мекенді көріктендіру және санитарлық тазалау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бекітілген іс-шараларға байланысты ауылдық округ елді мекендерінде 16 шақырым көшелер мен жолдарды, 243 тұрғын үйлердің , 2 оқу және мәдениет объектілерінің аумақтарын және 3 ескерткіштердің, 1 обелисктің маңайындағы аумақтарды тазарту жұмыстары жоспарланған болатын. Елді мекеннен 3,5 тонна қоқыс шығару және 200 дана ағаштар мен көшеттер отырғызу, 300 ш.м. гүлзарлар жасау көзделген.

Бұл іс-шараның мақсаты ауыл аумағын санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру, күл-қоқыстан арылту жұмыстарын жүргізу, туған өлкені жасыл желектендіру, жастардың экологиялық, эстетикалық мәдениетін арттыру, оларды еңбекке, қоршаған ортаны таза ұстауға баулу және мәдени құндылықтарға тарту болып табылады. Осы бекітілген іс-шараларға сәйкес, қазіргі уақытта ауылдық округ бойынша 6 шақырым көшелер мен жолдар, 32 тұрғын үйлердің сырты тазарту жұмыстарын жүргізді. Елді мекеннен 800 тонна қоқыс шығарылды және 200 дана ағаштар отырғызылды.

 

Қараулар: 70 | Қосқан: Admin | Рейтинг: 4.0/1
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar