Бас бет » 2017 » Қараша » 1 » Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру – уақыт талабы
18:35
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру – уақыт талабы

Елімізде қолданысқа енген «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» Заңының аясында Жаңатілек ауылдық округінде кооператив жөнінде ауыл тұрғындарымен жиналып, ауылдық округ әкімі Бағадат Алдамжарұлы Кәрібай, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Төлеген Ынтықбайұлы Смағұловпен, Павлодар облысының кәсіпкерлік палатасының Баянауыл ауданындағы филиалының директоры Самат Серікұлы Мақажановпен бірлесе отырып халыққа кооператив жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бірлесіп бас қосып, кооперативтер құру заман талабы, қазіргі кез жұмыла еңбек ететіндердің замаңына айналуда. Ауыл жұртшылығы үшін де мәселен жалғыз айналысқаннан гөрі, бірлесе шешкен тиімді болуда.Кооперативтерге бірігудің көптеген артықшылықтары бар. Біріншіден, кооперативтер өндірілген өнімді тиімді сата алады. Екіншіден, мемлекеттік қолдауға жол ашылады, қажетті құрал-жабдықтар алу мүмкіндігі бар. Үшіншіден, кооперативтер материалдық-техникалық құралдармен, яғни жанар-жағармаймен, тыңайтқышпен, тұқыммен, мал азығымен, тағы басқаларымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, 70% жеңілдіктегі арнаулы салық режимі бар. Төртіншіден, прогрессивті агротехниканы пайдаланып, өнімді тұрғылықты жерде делдалсыз өткізу мүмкіндігі туады. Ең бастысы, кооперативтің әрбір мүшесі де, сондай-ақ, тұтастай кооператив те жеңілдік пайызымен несие ала алады.

 

Қараулар: 112 | Қосқан: bagadat | Рейтинг: 5.0/1
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar