Бас бет » 2017 » Қазан » 2 » «Қарттарым, аман-сау жүрші!»
15:21
«Қарттарым, аман-сау жүрші!»

Ауылдық округ бойынша 90 жастан асқан, тыл ардагері, батыр ана Каратаева Мастура апаны ауыл әкімшілігінің атынан ауыл әкімінің міндетін атқарушы А.Т.Нургалиева және аудандық мәслихат депутаты А.К.Алтынбек мерекесімен құттықтап үйіне барып, сыйлықтарын табыс етті. 2017 жылдың 2 қазан күні жергілікті мәдениет үйінде сағат 15.00 де қарттар күніне арналған «Қарттарым, аман-сау жүрші!» атты мерекелік концерт өтті. Концерт ауыл әкімінің уақытша міндетін атқарушы Нургалиева Аяна Тұрғынқызының құттықтауымен басталды. Мерекелік кеш барысында тыл ардагерлері, ауылдың үлкен ақ сақалды аталары мен ақ жаулықты әжелерінің есімдері аталып, ән арналды. Сонымен қатар 2017 жылы зейнеткерлікке шыққан 11 тұрғын арнайы құттықталды. Мерекелік концерт кезінде халық әндері мен Шәмші Қалдаяқовтың әндері орындалып, би биленді. М.Мақатаевтың «Қариялар азайып бара жатыр атты» өлеңі келген қонақтардың көңілінен шықты. Концерт соңында ауыл ақсақалы Акижанов Күнту сөз алып, қариялар атынан кешке қатысқан өнерпаздарға алғысын білдіріп, жылы лебіздерін арнады.

Қараулар: 76 | Қосқан: bagadat | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar