Бас бет » Жаңалықтар архивы

Елімізде қолданысқа енген «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» Заңының аясында Жаңатілек ауылдық округінде кооператив жөнінде ауыл тұрғындарымен жиналып, ауылдық округ әкімі Бағадат Алдамжарұлы Кәрібай, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Төлеген Ынтықбайұлы Смағұловпен, Павлодар облысының кәсіпкерлік палатасының Баянауыл ауданындағы филиалының директоры Самат Серікұлы Мақажановпен бірлесе отырып халыққа кооператив жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бірлесіп бас қосып, кооперативтер құру заман талабы, қазіргі кез жұмыл ... Әрі қарай оқу »

Қараулар: 172 | Қосқан: bagadat | Күні: 01.11.2017 | Түсініктер (0)

Қазан айының 7 күні Қарағанды қаласында өткен Үстел теннисі лигасына Бақыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 6-сыныптан Мұхиден Дина, Кәрібай Айназ, Қуанышқызы Ақбота және 7-сынып оқушысы Сапар Ерқанат сынды оқушыларымыз қатысып келген болатын. Жетекшісі Д. Б. Жапенов оқушыларды дайындауда көп еңбек етті. Сол еңбектері бағаланып «Жүзден жүйрік озар» дегендей жарысқа қатысқан көпшіліктің ішінен өз оқушыларымыз жақсы ойын көрсетіп Сапар Ерқанат (4 лига), Кәрібай Айназ (5 лига), (Мұхид ... Әрі қарай оқу »

Қараулар: 177 | Қосқан: Admin | Күні: 07.10.2017 | Түсініктер (0)

Ауылдық округ бойынша 90 жастан асқан, тыл ардагері, батыр ана Каратаева Мастура апаны ауыл әкімшілігінің атынан ауыл әкімінің міндетін атқарушы А.Т.Нургалиева және аудандық мәслихат депутаты А.К.Алтынбек мерекесімен құттықтап үйіне барып, сыйлықтарын табыс етті. 2017 жылдың 2 қазан күні жергілікті мәдениет үйінде сағат 15.00 де қарттар күніне арналған «Қарттарым, аман-сау жүрші!» атты мерекелік концерт өтті. Концерт ауыл әкімінің уақытша міндетін атқарушы Нургалиева Аяна Тұрғынқызының құттықтауымен ... Әрі қарай оқу »

Қараулар: 157 | Қосқан: bagadat | Күні: 02.10.2017 | Түсініктер (0)

2017 жыл «Бір ел - бір кітап» - 2017 Республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық бүкіл ел болып оқуға «Жыл кітабын» таңдау бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалған болатын. Соған байланысты, қыркүйек айының 20сы күні Бақыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында кітапханашы Мағрипа Ыбышқызы Шыныбекова ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырды. Көрмеге 1-7 сынып оқушылары қатысты. 6-сынып оқушылары Кәрібай Айназ бен Мұ ... Әрі қарай оқу »

Қараулар: 329 | Қосқан: Admin | Күні: 20.09.2017 | Түсініктер (0)

Бақыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде қыркүйектің 9- жұлдызында «Денсаулық күні» салтанатты түрде аталып өтті. Фестиваль мектептің алдында қатысушылардың сапқа тұруынан басталып, ҚР-ның Әнұраны орындалды.Бұл күні аталмыш шараға мектеп болып барлық сыныптар мен ұстаздар ат салысты. Мектептің аға тәлімгері М. С. Жексенбаева мұғалімдер мен оқушыларды ашылуымен құттықтап, күн тәртібімен таныстырды. Сондай –ақ мектеп медбикесі Исекеева М. М, өз сөзінде: Үнемі дене шынықтырумен айналысуға және оның тигізер пайдасы жайлы а ... Әрі қарай оқу »

Қараулар: 184 | Қосқан: bagadat | Күні: 09.09.2017 | Түсініктер (0)

« 1 2 ... 4 5 6 7 »