Бас бет » Жаңалықтар архивы

Сайтымызда әзірше 14 бөлім бар, біздің ойымызша, ең қажет тақырыптар қамтылған секілді, алайда әлі де кей тақырыптарды қосамыз десеңіздер – ешқандай кедергі жоқ, тек оның қажеттілігін дәлелсеңіздер болды. 8 бөлімге (Бас бет, Әкімдік, Қоғамдық кеңес, Жаңатілек, Мұрынтал, Жаяу Мұса, Туризм, Инвестиция) сіздер админге материал жібере аласыздар, бірақ өздеріңіз еш өзгеріс енгізе алмайсыздар. Ал қалған бөлімдерге сайтымызға тіркеліп кірген кез келген қолданушы өзінің материалдарын жүктей бере алады. Мысалы, Құжаттар бөліміне елге, халыққа ... Әрі қарай оқу »

Қараулар: 216 | Қосқан: Admin | Күні: 27.11.2017 | Түсініктер (0)

Құрметті ауыл тұрғындары және сайт қонақтары!Сіздерді Тұңғыш Президент Күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында ауылымыздың сайтының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Біріншіден, осы сайттың ашылуына көмек көрсеткен ағаларға өз атымнан және Жаңатілек ауылдық округінің тұрғындары атынан үлкен рахмет айтқым келеді. Біздің сайтымыздың мақсаты, әкімшілік пен тұрғындар арасында ашықтық пен жариялылық қағидаларын қолжетімді етіп қамтамасыз ету. Сонымен бірге, сайтты құрудағы басты міндет, ... Әрі қарай оқу »

Қараулар: 608 | Қосқан: Admin | Күні: 22.11.2017 | Түсініктер (0)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы төңірегінде 2017 жылдың қараша айының 17 жұлдызында Жаңатілек ауылдық кітапхананың оқу залында қазақтың тұңғыш режиссері, драматург, қазақ театрының негізін қалаушы Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш режиссері» атты тақырыпта еске алу кеші өтті.Бұл кеште режиссердің театр өнеріне сіңірген көптеген еңбектері туралы сөз қозғалды. Алғашқы шығармашылық ұйымдастырушылық қызметінен бастап Ж. Шанин актерлер мәдениетін көтеруге, театр жұмысын белгілі ... Әрі қарай оқу »

Қараулар: 180 | Қосқан: bagadat | Күні: 21.11.2017 | Түсініктер (0)

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбы ... Әрі қарай оқу »

Қараулар: 194 | Қосқан: bagadat | Күні: 17.11.2017 | Түсініктер (0)

Жаңатілек ауылында жеке кәсіпкерлер игі бастаманы қолға алып, қазақ спортының дамуына үлес қосарлық, жас палуандарға жол ашатын қазақша күрес залының ашылуына септігін тигізді.Шара барысында бір ауыздан ізгі тілек білдірген Жабай Мұсабаев, Алдамжар Алтынбек, Шаттық Көкенов, Нұрмұханбет Жүнісов, Омар Базарбай және ауыл әкімі Бағдат Кәрібай сынды азаматтар жұртшылықты ауылдағы жаңа қазақша күрес залының ашылуымен құттықтады. Осы залдан талай чемпиондар шығуына тілектестік білдірген Баянауыл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Асхат Жапаров з ... Әрі қарай оқу »

Қараулар: 214 | Қосқан: bagadat | Күні: 05.11.2017 | Түсініктер (0)

« 1 2 3 4 5 6 7 »