Бас бет » 2018 » Мамыр » 8 » 9 мамыр Жеңіс күні құтты болсын!
11:29
9 мамыр Жеңіс күні құтты болсын!

9 мамыр күні, сағат 10:00-де жергілікті «Белгісіз жауынгер» ескерткіші жанында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Жиынның кіріспесі ҚР Мемлекеттік Туы енгізіліп, саптық әндер шеруі болды. Салтанатты жиында ауыл әкімі, тыл ардагерлері құттықтап сөз сөйледі. Салтанатты жиын барысында тыл ардагерлері мен мекеме қызметкерлері гүл шоқтарын қойды. Ауыл имамы соғыстан қайтып оралмаған, соғыста қаза тапқан жерлестердің рухына құран бағыштап, дұға оқыды. Салтанатты жиыннан соң жергілікті мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерейтойына арналған «Бәрі де Жеңіс үшін» атты мерекелік концерт өтті. Концерттің кіріспесі ауыл әкімі Шалбаев Қуаныш Хайруллаұлының құттықтауымен бастау алды. Сонымен қатар мерекелік концерт барысында соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, билер биленді. Атап айтсақ: «В лесу прифронтовом», «Катюша», «Шығыстың қос жұлдызы», «Ән салшы,сарбазым!», «День Победы» сияқты әндер шырқалды. Әскери әндерден поппуриге қыздар тамаша би биледі. Сонымен қатар соғыс туралы өлеңдер оқылды. Ретро әндерден құралған поппуриге би биленді. Концерттің соңы «День Победы» әнімен аяқталды. Мерекелік концерт аяқталған соң тыл ардагерлері мен Ауған соғысының ардагерлеріне жергілікті тойханада ас берілді.

 

 

Қараулар: 82 | Қосқан: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar