Бас бет » 2018 » Маусым » 1 » 1 – маусым балаларды қорғау күні құтты болсын!
14:07
1 – маусым балаларды қорғау күні құтты болсын!

1 маусым-Балаларды қорғау күніне орай Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің алаңында «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік ойын-сауық бағдарламасы өтті. Мерекелік бағдарлама барысында мектеп директоры сөз сөйлеп, келген қонақтар мен кішкентай бүлдіршіндерді құттықтады. Сайқымазақ рөлінде өнер көрсеткен тәрбие ісінің меңгерушісі Карамбаева Әсемгүл Нұрланқызы кішкентай бүлдіршіндермен түрлі ойындар өткізіп, сонымен қатар логикалық сұрақ қойып, дұрыс жауабын айтқан бүлдіршіндерге сыйлықтар табыстады. Шара барысында шағын орталықтың тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлеңдерін оқыды.Сонымен қатар шара барысында жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Меркелік бағдарлама кезінде әртүрлі әндер айтылып, түрлі билер биленді. Мерекелік шара аяқталған соң, жазғы лагердің демалушылары мектеп автобусымен Жаяу Мұса Байжанұлының басына барып, тағзым етуге жөнелді.

 

Қараулар: 42 | Қосқан: Bayan | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar