Бас бет » 2018 » Мамыр » 1 » 1 Мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күні құтты болсын!
18:51
1 Мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күні құтты болсын!

2018 жылдың 1 мамырында  сағат 15:00-де Жаңатілек ауылдық округінің  мәдениет үйінде 1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күніне орай «Татулығын жырға қосам ұлттардың» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концерттің кіріспесі ауыл әкімінің м.а. Шалбаев Қуаныш Хайруллаұлының құттықтауымен басталды. Қазақша бимен толығып, Баянауыл ауданының 90 жылдығына арналған жыр шумақтары оқылып, көрерменнің қошеметіне бөленді. Концерт барысында үнді, украин, өзбек ұлттарының ұлттық әндері айтылып, ұлттық билері биленді. Елбасымызға арнап ән шырқалды. Өзбек биін нақышына келтіріп орындаған бишілер халықтың зор қошеметіне бөленді. Мерекелік концерт Т.Айбергеновтің сөзіне жазылған, Р.Әлқожаның «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

Қараулар: 50 | Қосқан: Makisheva_Bayan | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar