Бас бет » Файлдар » Мои файлы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
[ Серверден жүктеу (318.0 Kb) ] 27.10.2017, 09:16

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 наурызда № 14892 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 159-1)159-2), 159-3) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ, "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі

_____________ Т. Дүйсенова

2017 жылғы 13 наурыз

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

_____________ Б. Сұлтанов

2017 жылғы 13 наурыз

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

_____________ Т. Сүлейменов

2017 жылғы 13 наурыз

Санат: Мои файлы | Қосқан: Админ
Қараулар: 47 | Жүктеулер: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar