Бас бет » Файлдар » Мои файлы

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Қазақстан Республикасының Заңы
[ Серверден жүктеу (49.7Kb) ] 27.12.2017, 15:40

МАЗМҰНЫ

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар

Осы Заң ауыл шаруашылығы кооперативтері мүшелерінің құқықтық жағдайын, құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтық жағдайын, олардың құрылуы, қызметі, қайта ұйымдастырылуы және таратылуы тәртібін айқындайды.

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастығы (одағы) – өз мүшелерінің қызметін үйлестіруді және олардың ортақ мүлiктiк және өзге де мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ерiктi түрде бiрiгуi;

2) ауыл шаруашылығы кооперативінің қауымдасқан мүшесі (бұдан әрі – кооперативтің қауымдасқан мүшесі) – осындай мүше үшін ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында көзделген ақша түрінде мүлік (пай) жарнасын енгізген, ол бойынша дивидендтер алатын, өзі енгізген мүлік (пай) жарнасы құнының шегінде ауыл шаруашылығы кооперативі қызметімен байланысты залалдар тәуекелін көтеретін, ауыл шаруашылығы кооперативінде кеңесші дауыс құқығы бар, сондай-ақ осы Заңда және ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, басқа да құқықтар мен міндеттер берілген жеке немесе заңды тұлға;

Санат: Мои файлы | Қосқан: Admin
Қараулар: 80 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar