Жаңатілек ауылдық округі әкімшілік аумағына 2 елдімекен жатады. Олар: Жаңатілек, Мұрынтал. Жаңатілек ауылдық округі Павлодар облысының оңтүстік батыс жағында орналасқан. Ауылдық округ Қарағанды облысымен, Қаратомар, Сәтпаев, Құндыкөл, Күркелі ауылдық округтерімен шектеседі.Ауылдық округ аудан орталығынан 60 км, облыс орталығы Павлодар қаласынан 280 км қашықтықта орналасқан.Жартылай бос далалық аумаққа жатады. Өсімдік дүниесі негізінен селеулі, көде шөп болып келеді.Топырақтың механикалық құрамы орташа құмдауыт құрамында гумус 12%. Топырағы егістікке жарамды. Дәнді-дақылдармен бірге техникалық дақылдар егуге қолайлы. Құнарлылығын арттыру үшін көп жылдық шөптер өсіріледі.Жаңатілек ауылдық округі бойынша тұрғындар саны - 1126 адам. Оның 1042 -і Жаңатілек ауылында, 84 –і Мұрынталда. Әкімшілік территориясының орталығы Жаңатілек ауылы болып табылады. Жалпы аула саны – 246. Жаңатілек ауылдық округінің аумағында 153 зейнеткер, соның ішінде 12-і тыл ардагері, 2 ауған соғысының ардагері, 40 алтын алқа, 22 күміс алқа иегерлері және денсаулығына байланысты әр түрлі топтағы мүгедектер саны 31 адам , оның 6 мүгедек бала тіркелген.Жаңатілек ауылында Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бар. Онда 177 оқушы оқиды. 41 мұғалім, 36 кіші қызметкер жұмыс істейді, Ауылда фельдшерлік акушерлік пункт жұмыс істейді, онда 5 медицина қызметкері және 1 жедел жәрдем көлігі қызмет атқарады. 1 мәдениет үйі, 1 мұражай, 1 ауылдық кітапхана, 1 мешіт, «Балдаурен» шағын орталық, шағын футбол алаңы, балалар ойын алаңы, мал сою алаңы, шина жөндеу, КБМ су құбыры, өрт сөндіру бекеті, «Қазпошта» бөлімі халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, 5 дүкен халыққа тұрақты қызмет етуде. Округте телефон байланысы жақсы жолға қойылған, Жаңатілек ауылында «КCELL», «BЕELINE» ұялы қондырғысы жұмыс жасап тұр. «Отау ТВ» спутниктік қондырғылары орнатылған. Ауылда 185 телефон нүктесі волокондық жүйесі тартылған. Соның ішінде 147 – үй жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылған.

Мұрынтал ауылында 84 тұрғын, 19 аула бар. 1 кітапхана, медициналық пункті, 1 медицина қызметкері еңбек етеді. Мұрынталда 9 телефон нүктесі орнатылған. «BELLEINE» ұялы қондырғысы, 1 қоғамдық спутниктік интернет желісі, «Отау ТВ» спутниктік қондырғылары тұрақты жұмыс жасап тұр.

Мұрынтал ауылының табиғаты көркем, таулы –орманды жер. Округ аумағында тарихи құнды ескерткіштер Жаяу Мұса Байжанұлының зираты, ескерткіші бар.

Ауылдық округ көлемінде ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көзі мал шаруашылығы. Округ бойынша 26 шаруа қожалығы тіркелген. Шаруа қожалықтары және жеке меншік мал иелері қысқы мал азығын округ аумағында шабындықтардан жеткілікті дайындайды.

Әкім аппаратының мамандары шаруашылық жүргізу кітаптарды нақтылау үшін жылына екі рет ауылдарда үй-үйді аралап жүзеге асырады.

Мал дәрігері аумақтық инспекциямен бірлесіп ветеринария саласында халықтың денсаулығын мал мен адам үшін ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және ақпаратпен өзара алмасуды жүзеге асыру мәселелермен айналысады.

Халықты жұмыспен қамту мәселесі жергілікті атқару органдар қызметінің маңызды бағыты. Ауыл тұрғындарының аудандық жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыздар тіркеуінде тұрған адамдар қоғамдық жұмыстарға тартылып отырады. Ауылдық округ бойынша бос жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталығы тіркеліміне жұмыссыздар тартылады. Биылғы жылы 3 адам жұмыспен қамтылды. Әр ай сайын тіркеуде тұрған 2 адамнан қоғамдық жұмысқа тартылады.

2016 жылдан бастап «Өрлеу» шартты ақшалай жобасы енгізілді. Жаңатілек ауылында 8 - отбасы мал өсіру мақсатында ақшалай көмек берілді. Жастайынан мүгедек 2 балаға әлеуметтік жұмыскер қызмет көрсетеді. Жыл сайын облыстық денсаулық департаментінен «Флюракар автокөлігі» ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Тазалық-денсаулық кепілі. Көріктендіру және санитарлық жұмыстары жергілікті тұрғындардың және мекемелердің қатысуымен өз дәрежесінде өтіп жатыр. Санитарлық-тазалық айлықтары басталғаннан бері әр апта сайын сенбіліктер өткізіліп тұрды. Сәуір айында ауыл тұрғындарына, жеке өздерінің төңіректерін таза ұстау қажеттілігі туралы ескерту таратылып берілді. Ауыл тұрғындары өз күштерімен көң-қоқыстарын шығарып отырады. Ауыл тазалығына мән беру керек. Ауыл тұрғындары көктем айларында қорадан шыққан қоқысты белгіленген жерге апарып төгеді.

Жеке тұлғалар өздеріне тиісті жер салығы, мүлік салығы , көлік құралдарынан түскен салық және төлем көзінен салық салынбайтын жеке табыс салық түрлері төленіп отырады.Округ бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру.

Ауыл әкімдігінде «Мемлекеттік қызметкерлердің «Әдеп Кодексі» стенді, мемлекеттік қызметкерлердің әдебін бақылау кітабы орналастырылған.

Жаңатілек ауылдық округінің жер қойнауы бағалы, түрлі – түсті тастарға бай.