Егер Баянауыл ауданына демалуға серуендеп келіп қалсаңыз, онда міндетті түрде Жаңатілек ауылдық аумағына келіп кетіңіздер, себебі бұл жерде көретін жерлер көп. Біздің жақ демалуға да ыңғайлы. Әсем табиғатымыз бен түрлі тарихи орындарымызды көресіздер. Оған қоса Баянауыл ауданының қасиетті орындарының басым көпшілігі біздің ауыл маңында екенін айта кетейік. Келіңіздер!

Қазақ Елінің кез келген өлкесінде  қасиеттері орындар бар екені баршаға мәлім, солардың ішінде Баянауыл ауданы да алдыңғы қатарда, ал Баянауыл ауданы ішінде Жаңатілек ауылдық аумағының орны ерекше деп айтуға болады. 14 қасиетті орынды атап өтуге болады; Қазыбек бидің сөре тасы, Жаяу Мұса зираты, Мәшһүр Жүсіп ашқан медресе орны, Едіге бидің билік тасы, Тотия ана зираты, Ботан абыз зираты, Ізбас қажы зираты, Қараман абыз зираты, Құрманбай абыз зираты, Мәстек абыз зираты, Қыз зираты, Кәукен Қаратайұлы зираты, Қабды Жәлел Қасымишанұлы зираты, Мұстафа Бәйділдаұлы зираты.


Қазыбек бидің сөре тасы. Мұрынтал ауылының маңы. Координаты -  N 50.326932 E 75.064520


Жаяу Мұсаның зираты. Мұрынтал ауылының маңы. Координаты: N 50.287904  E 75.096763


Мәшһүр Жүсіп ашқан медресе орны. Айдос қыстағы маңы. Координаты: N 50.473515   E 75.158522


Едіге бидің билік тасы. Мұрынтал ауылының маңы. Координаты: N 50.332827  E 75.058452

 


Тотия ана зираты. Тотия тауының басында. Координаты: N 50.394868 E 75.061849

 


Ботан абыз зираты. Ботан қыстағының маңы. Координаты: N 50.395573  E 75.288933


Ізбас қажы зираты. Жаңатілек ауылының маңы. Координаты: N 50.531479 E 75.299541


Қараман абыз зираты. Айдос қыстағының маңы. Координаты: N 50.430590 E 75.106216


Құрманбай абыз зираты. Жуантөбе қыстағының маңы. Координаты: N 50.562594 E 75.032052


Мәстек абыз зираты. Мұрынтал ауылында. Координаты: N 50.357391  E 75.094418


Қыз зираты. Жаңатілек ауылының маңы Қожа тауының етегінде. Координаты: N 50.566593 E 75.087755


Қабды Жәлел Қасымишанұлы зираты. Жаңатілек ауылында. Координаты: N 50.506261 E 75.208578


Мұстафа Бәйділдаұлы зираты.Сарышоқы қыстағының маңы .Координаты: N 50.546955 E 75.212032


Кәукен Қаратайұлы зираты. Жаңатілек ауылында. Координаты: N 50.506235  E 75.208184