Ауыл болғандықтан тек қана әкімдік емес, халық, ауыл тұрғындары, қоғам, ел бар, сондықтан ауылымызда арнайы құрылған Қоғамдық кеңес өз жұмысын істеуде.Қоғамдық кеңес дегеніміз не? Қоғамдық кеңестер – жергілікті билік қабылдайтын шешімдердің жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші, әрі бақылаушы орган. Құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері мен қарапайым азаматтар кіреді және кез келген мәселе бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін тыңдап, онымен санасады. Ол үшін арнайы қоғамдық тыңдаулар өтеді. Осылайша, қарапайым азаматтар елде жүріп жатқан істерге өз ықпалын тигізіп, өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік алады.

 

Жаңатілек ауылдық округі әкімінің

                                                                                                                                                                                    2017 жылғы 31 қазандағы

                                                                                                                                                                                            № 1 – 04 - 83 өкіміне қосымша

 

«Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі туралы ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ереже.                                                                                                                                                                                                                                                                       1.1 Қоғамдық келісім кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) ауылдық округ әкімшілігі жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады және қоғамдық келісімнің рөлін арттыруға ықпал ету және қоғамдық келісімді нығайту, сындарлы диалог өткізу арқылы еңбек дауларын шешу, жұртшылықпен байланысты жан-жақты нығайту мақсатында құрылады.

    1.2 Кеңес құндылықтар кешендерін, өзара сыйластық пен келісім негізінде толеранттылық қарым-қатынас қалыптастыруды, қазақстандық патриотизмді нығайтуды мақсат етеді.

1.3 Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

  1. Қоғамдық келісім кеңесінің мақсаттары және міндеттері

 

2.1 Кеңес дәстүрлерді, мәдениетті және халық шығармашылығын дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуға, азаматтардың мәдени сұраныстарын қанағаттандыруға, жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруге ықпал етеді.

2.2 Кеңес қызметінің нәтижесі болуы қажет:

- толеранттылық қарым – қатынасты қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған жұмыс стратегиясын айқын түсіну;

- мәдени-білім беру өмірінің сапасын арттыру;

- жастар, ардагерлер, кәсіподақтар ұйымдарын және басқа қоғамдық ұйымдарды этникалық мәдениеттерді, білімді дамыту мәселелері жөніндегі мемлекеттік ұлттық саясатты тиімді іске асыруға тарту;

- этносаралық қарым-қатынастар саласындағы саясатты іске асыру нысандары мен әдістері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау.

2.3 Кеңес мына міндеттерді шешеді:

- қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша ұсыныстар және ұсынымдар әзірлейді;

- халық дәстүрлерінің және қолданбалы өнерінің жағдайын зерттейді, жаңғыруына және дамуына ықпал етеді;

- мемлекеттік тілді насихаттауға және үйренуге ықпал етеді;

- жұмыс істеп жатқан қоғамдық бірлестіктердің тұрақты қыузметіне және дамуына ықпал етеді;

- стратегиялық жоспарлар мен әлеуметтік, рухани, мәдени даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру кезінде ұсыныстар енгізеді.

 

3. Қоғамдық келісім кеңесін қалыптастыру тәртібі

 

3.1 Қоғамдық кеңестің құрамын ауылдық округ әкімі бекітеді.

3.2 Кеңестің төрағасы:

- Кеңестің отырысын жүргізеді;

- Кеңес атынан құжаттарға қол қояды;

-Азаматтардың бірлестіктерімен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен Кеңес атынан өзара қарым-қатынаста болады.

 

4. Қоғамдық келісім кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі

4.1 Кеңестің отырыстары жұмыстың бекітілген жоспарына сәйкес немесе шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін жағдайға байланысты қажеттілік бойынша өткізіледі;

4.2 Кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, айына бір реттен кем емес өткізіледі. Кеңестің отырысын Кеңестің төрағасы, ол болмаған жағдайда бас мамандардың біреуі жүргізеді.

4.3 Кеңестің отырысы оған мүшелерінің 2/3 қатысқан жағдайда заңды болып танылады.

4.4 Кеңестің шешімі ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы оның мүшелерінің басым дауысымен қабылданады. Дауыстар тең түскен дағдайда, отырыс төрағасының дауысы шешуші болады.

4.5 Кеңестің отырыстарына мемлекеттік органдардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері, мәслихаттардың депутаттары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері дауыс беру құқығынсыз қатыса алады.

Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы

 

5.1 Кеңестің материалдық, әдістемелік және ұйымдық қызметін ауылдық округ әкімшілігі қамтамасыз етеді.

5.2 Кеңестің қызметі оның бекітілген жұмыс жоспарына, сондай-ақ мәжілістер өткізу кезінде қалыптасқан жиналыс шешімінің және ұсыныстардың негізінде құрылады.

5.3 Кеңестің төрағасы, оның орынбасары және кеңестің мүшелері кеңестегі жұмысты қоғамдық негізде жүзеге асырады.

5.4 Кеңестің мүшелері өз жұмысында Кеңес туралы ережені басшылыққа алуға міндетті.

5.5 Кеңестің мүшелері Кеңесті ұйымдастыру және оның қызметі туралы пікірлерін еркін айтуға құқықты.