Ауыл болғандықтан әкімдігіміз бен әкіміміз бар. Жаңатілек ауылдық аумағы екі елді мекеннен тұрады - Жаңатілек пен Мұрынтал ауылдарынан, одан басқа маңайда кқп қыстаулар мен кезіндегі елді мекендердің орындары бар. Төменге қарай әкімдігімізде кімнің кім екенін біле аласыздар.

2017 жылдың 17 тамызынан бастап Жаңатілек ауылдық округінің әкімі Кәрібай Бағадат Алдамжарұлы

Кәрібай Бағадат Алдамжарұлы 1986 жылы 3 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2008 жылы Павлодар мемлекеттік институтын «География» бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Жалпы еңбек өтілі – 5 жыл 1 ай. Мемлекеттік қызмет өтілі - 2 жыл 9 ай. Еңбек жолын 2007 – 2008 жж Павлодар қаласында «Астана» мұз айдынында күзетші болып бастады. 2008 – 2010 жж Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылы Б.Хайдаров атындағы ЖОББ мектебінде «География» пәні мұғалімі.

2011 - 2012 жж ҚР қарулы күштер қатарында әскери міндетін атқарды. 2014 - 2017 «Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып жұмыс істеді. 2017 жылдың 17 тамызынан бастап Жаңатілек ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Үйленген. Ұл тәрбиелеп отыр. Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі№ 453-1 «Мемлекеттік қызмет туралы»,

2001 жылғы 23 қаңтардағы №198-II Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарын қолданады, ауыл әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.


Әкімдіктің бас мамандары және олардың лауазымдық нұсқаулықтары

Әлжанов Марғұлан Бейсенбайұлы, бас маман. тел. -87184095624

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұрғалиева Аяна Түрғынқызы, бас маман, тел.- 87184095624

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Макишева Баян Амантайқызы, бас маман, тел.- 87184095624

 

Лауазымдық нұсқаулық

«Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

бас маман (ЕG-3 санаты, 27-29-13-01 коды)

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1. Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы лауазымы ауылдық округ әкімі аппаратының құрылымдық бірлігі болып табылады.

1.2. Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

1.3. Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы өз қызметін округ әкімі аппаратының ережесіне сәйкес, жоспарлар негізінде жүзеге асырады.

1.4. Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманын Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен округ әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

1.5. Бас маман ауылдық округі әкіміне бағынып, және оның өкімдерін қабылдап орындайды.

1.6. Қажетіне қарай өзара бірін-бірі алмастыру тәртібіне сәйкес аппараттың басқа мамандарының міндетін атқарады.

1.7.Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін ұстану.

1.8.Келісілген іс – номенклатурасына сәйкес іс- қағаздарын жүргізу.

 

2. Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы (27-29-13-01 коды)

 

ҚҰҚЫҚТАРЫ

 

Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманына өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 9-бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:

Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және зандарымен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға.

Лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен аумақтық, мемлекеттік басқару органдардан ақпарат пен материалдар алуға.

Жиындар мен талқылауларға және мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге.

Ауылдық округ әкімінің болмаған кезінде құқықтарын қолдануға.

Басқа да мамандардан жұмысында керекті мәліметтерді алуға.

Ресми құжаттарды құрастыруына қатысуға.

Қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға.

Басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге.

Жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына.

Өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне.

Өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге.

Бiлiктiлiгi, қабiлетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескерiле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға.

Қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге.

Еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына.

Әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға.

Мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға.

Зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға.

Жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге.

 

3. Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы (27-29-13-01 коды)

МIНДЕТТЕРI

 

Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 10-бабымен белгіленген негізгі міндеттермен қатар төмендегі функционалдық міндеттерді орындайды:

3.1. Заңда белгіленген тәртіпте нотариалдық қызмет жасау.

3.2. Мемлекеттік наградаларға құжаттарды рәсімдеу.

3.3. Іс - қағаздарын, кадрлық жұмысты жүргізу.

3.4. Ауылдық округі әкімі аппараты жұмысының айлық, тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларын дайындау.

3.5. Ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жиындарды ұйымдастыру.

 

3.6. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер, арыз шағымдар, хаттарға жауап жүргізу.

3.7. Ауылдық округ әкімінің нормативтік – құқықтық актілерінің жобасын дайындау.

3.8. «Айқын - ЕУОЛ» бағдарламасы бойынша жұмыс жасау.

3.9. «АРМ ЕРДР» бағдарламасымен жұмыс жүргізу.

3.10. Азаматтардың үндеулерімен жұмыс істеу жөніндегі тоқсандық, жылдық, статистикалық есептерін дайындау.

3.11. Аудан әкімі аппаратынан түскен тапсырмаларды уақытында орындау мақсатында бақылау және мониторинг жүргізу.

Округ әкімі өткізетін шараларды ұйымдастыру және өткізу.

3.13. Округ әкімінің жеке тапсырмаларын орындау.

3.14. Округ әкімінің есептік кездесуінде түскен сауалдар мен ұсыныстардың орындалуы жөнінде мониторинг жүргізу.

Әкім аппарат қызметшілерінің жұмыскерлерінің еңбек тәртібін қадағалау.

 

4. Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы (27-29-13-01 коды)

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы төмендегілерге дербес жауап береді:

4.1. Бекітілген лауазымдық міндеттерін уақытында және тиісті деңгейде орындауға;

4.2. Берілген құқықтарын заңға сәйкес пайдалануға;

4.3. Қойылған мақсаттар мен талаптарды уақытында және сапалы орындауға;

4.4. Нұсқаулықтарды, тапсырмаларды, өкімдер мен жоспарларды сапалы және жоғары деңгейде орындауға;

4.5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) сақтауға;

4.6.Мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді орындауға.

4.7. Өзіне жүктелген міндеттерді талапты деңгейде атқармай, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс жасаған жағдайда, лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметте жүріп «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңымен белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

 

Жаңатілек ауылдық округінің    
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛҚҰЖАТЫ    
(әкім міндетін атқарушы– Кәрібай Бағадат 1986 жылы туылған,    
2017 жылдың 17 тамызынан бастап аталған лауазымда қызмет істейді)    
  2017 жылғы 1 қазан      
      Жаңатілек Мұрынтал
1 Ауылдық округтің аумағы (шаршы шақырым) 27709 21909,00 5800,00
2 Елді мекендердің саны (бірлік) 2 1 1
3 Ауылдық округтің халық саны (адам) 1126 1042 84
4 Сайлаушылардың саны (адам) 735 667 68
5 Зейнеткерлер саны (адам) 153 132 21
6 оның ішінде: Ұлы Отан соғысына қатысқандар (адам) 0 0 0
7 Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 0 0 0
8 Еңбекке қабілетті халық саны (адам) 680 645 35
9 Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар саны (адам) 28 27 1
10 Мектеп саны (бірлік) 1 1 0
11 Мұғалімдер саны (адам) 41 41 0
12 Оқушылар саны (адам) 177 177 0
13 Денсаулық сақтау объектілерінің саны (бірлік) 2 1 1
14 Медицина қызметкерлерінің саны (адам) 5 4 1
15 Спортзалдар, спорттық кешендер (бірлік) 1 1 0
16 Кітапханалар 2 1 1
17 Клубтар, мәдениет үйлері (бірлік) 1 1 0
18 Шаштараздар (бірлік) 0 0 0
19 Тігін цехтары (бірлік) 0 0 0
20 Жанар-жағармай станциялары (бірлік) 0 0 0
21 Сауда нүктелерінің саны (бірлік) 5 5 0
22 Дайындау пункттерінің саны (бірлік) 0 0 0
23 Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу объектілері 0 0 0
24 Аула саны (бірлік) 246 227 19
25 Мал ұстамайтын аула саны (бірлік) 34 34 0
  % 13,8% 15,0% 0,0%
26 Ауылшаруашылық құрылымдарының саны (бірлік):      
  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 0 0 0
  шаруа қожалығы 26 24 2
27 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (бірлік) 3 3 0
28 Ірі қара мал 7626 7162 464
  оның ішінде:сиыр 3507 3307 200
  Жылқы 2794 2675 119
  шошқа 0 0 0
  Қой 8185 7702 483
  құстар 1583 1372 211