Бас бет » 2018 » Қаңтар » 21 » Ақышев Зейтін туралы білеміз бе?
17:59
Ақышев Зейтін туралы білеміз бе?

Ақышев Зейтін 1911 жылы 18 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында Далба тауы баурайында туған. Жазушы, драматург, педагог, аудармашы. Омбы қаласындағы жұмысшы факультетін (1938 жылы) және Семей қаласындағы педагогика институтын тәмамдаған. 1938 - 1952 жылдар арасында мұғалім, мектеп директоры, Баянауыл ауданында, Павлодар облысы халықтық білім беру бөлімінде басшылық қызметтерде жұмыс істейді. 1952 - 1966 жылдары – «Мектеп» баспасының редакторы, редакция меңгерішісі, бас редакторы, 1959 - 1960 жылдары «Қазақстан мұғалімі» газетінің редакторы, ҚазСРО Кеңес Министрлер аппаратында редактор-аудармашы, 1969-1972 жылдары – Қазақ-Совет энциклопедиясында аға ғылыми-редакторы қызметін атқарады. Алғашқы әдебиет жанрындағы еңбектері 1930 жылы аудандық, облыстық газет беттерінде жариялана бастайды. «Біздің маяктар» очерктер жинағы 1962 жылы шықты, «Менің достарым» (1967 ж.) әңгімелер жинағы, «Ақбел асу» (1971 ж.), «Жесірлер» (1973 ж.), «Жаяу Мұса» (1978 ж.), «Ветвь чинары» (1987 ж.) романдары баспадан жарық көрді. Жазушы еңбектерінің басты тақырыбы - Баянауыл Ертіс өнірінде Кеңес Үкіметін орнату және Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың жанқиярлық еңбектері, Жаяу Мұса, Иманжүсіп сияқты ардагерлердің өмірбаяндары күрес жылдары айшықтап жазылған. З. Ақышев - «Жаяу Мұса» (1965 ж.), «Невестки» (1967 ж.), «Не уйдет» (1969 ж.) пьесаларының авторы. З. Ақышевтің көптеген еңбектері орыс тілінде. Ол В. Ф. Панованың «Кружилиха» романы (1950 ж.), А. И. Купринның «Поединок» (1954 ж.), Я. Коластың «Трясина» повестері (1956 ж.) және т. б. орыс жазушыларының еңбектерін қазақ тіліне аударған.

Қараулар: 155 | Қосқан: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлердің жалпы саны: 0
avatar